Қазақстанда  жағармай жетіспеу байқалуда

/uploads/thumbnail/20170708154759599_small.jpg

Елде жанармай тапшылығы тағы басталды. Әсіресе, көлігі көп Алматыда осымен екінші тәулік АИ-92-ні қойып, 80-нің де өзі жоқ. Ал бар жерлерде ұзын сонар кезек пен әдеттегідей талондық жүйе орнаған. Бұл туралы Nur.kz сайты жазды. Қазір монополияға қарсы комитет өкілдері талған жағдайға қызметтік тексеру бастаған. Себебі бұл жолғы жанармай тапшылығы әдейі, қолдан жасалып отыруы мүмкін деген күдік бар.

Үкімет тапшылықты азайту үшін Ресейден өзге елдермен де арада бензин тасымалдамақ. Елдегі бензин тапшылығы салдарынан әдеттегідей жанармай іздеп, бекет-бекетке сабылған көлік жүргізушілері бензин бағасының қымбат, тек талонмен  беріліп жатқанына наразы. Әсіресе, бензиннің ең өтімдісі – АИ-92 маркасы жоқ. Тіпті кей бекеттерде 80-нің өзі де сатылым тізімінен алынған.

Естеріңізде болса, тамыз айында жанармай жетіспеушілігі байқалып, ең өтімді АИ-92-нің бағасы 115-тен 128 теңгеге көтеріліп шыға келген-ді.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар